27.12.2022, 16:53
Оқиғалар
Оралда жоғалып кеткен жас жігіттің денесі орманнан табылды
21 жастағы жігітке 24 желтоқсанда іздеу салынған болатын
Көрнекі сурет: 76.ru
Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, марқұмның денесі 25 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Деркөл кентіндегі орманнан табылған.
«21 жастағы жігітке 24 желтоқсанда іздеу салынған болатын. Ол 21 желтоқсанда сағат 22.00 шамасында Деркөл кентіндегі үйінен шығыпкетіп, қайтып оралмаған. Жігіттің денесі сараптамаға жіберілді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды