$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2022, 17:39
Оқиғалар

Екібастұзда электр энергиясы үшін төленетін өтемақы сомасы анықталды

Ақша қаланың барлық тұрғындарының жеке шоттарына аударылады

Екібастұзда электр энергиясы үшін төленетін өтемақы сомасы анықталды

Жақын арада «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС «Екібастұзэнерго» ЖШС-ға шамамен 240 млн теңге аударуға міндеттеледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Орал мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Соңғы 2-3 аптада біз өтемақы төлеу әдіснамасы мен соманы анықтау мәселесіне қатысты келіссөздер жүргіздік. Әділ алгоритмді әзірлеу үшін уақыт қажет болды. Біз қалыпты режимде ай сайынғы электр энергиясын тұтыну көлемін негізге алдық. Ай сайын Екібастұз шамамен 220 млн теңгеге электр энергиясын тұтынады. Сондықтан «Екібастұзэнерго» ЖШС-ға 240 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды», - деді Бағдат Орал.

Ақша қаланың барлық тұрғындарының жеке шоттарына аударылады. Екібастұздағы мұндай дербес шоттардың саны – 48 172.

Сонымен қатар, зардап шеккен пәтерлерді жөндеу және бүлінген жиһаз бен тұрмыстық техниканың орнын толтыру мәселесі сөз болды. Белгілі болғандай, 424 пәтер жөндеуді қажет етеді, 52 баспанада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бағдат Оралдың айтуынша, мүмкіндігінше жөндеуге мұқтаж барлық пәтер ретке келтірілетін болады. Техника мен жиһаз үшін залалды өтеуге келетін болсақ, «ОАЭК» АҚ басшысы екібастұздықтардан өтемақы алғысы келетін барлық чектер мен техниканы сақтауды сұрады. Барлық өтініштер комиссиялық түрде қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімі ТЖ күндері үшін электр энергиясын өтеу туралы айтқан еді. Сондай-ақ, қараша мен желтоқсан айларында Екібастұздың зардап шеккен үйлерінің тұрғындары жылу төлемдерінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары