27.12.2022, 17:51
Оқиғалар
Луганск облысынан мобилизацияланған бір топ ресейлік қашып кеткен
Олар қару-жарағын өз еріктерімен тапсырған
Фото: ашық дереккөзден
Мәскеу түбінде сегіз қарулы адам өз еріктерімен полицияға автомат пен пулеметтерін тапсыруға келді, деп хабарлады Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
Мәскеу түбінде Луганск облысынан қашып кеткен сегіз ресейлік ұсталды. Өткен түнде 20 мен 44 жас аралығындағы ер адам полицияға автомат және пулеметтермен келіп, қаруларын тапсырғысы келетіндерін айтқан.
«Кейінірек бөлімге келгендердің барлығы Калининград облысына мобилизацияланып, оқудан кейін Луганск қаласына жіберілгені анықталды», - деп жазады Baza Telegram-каналы.
Оқиға орнына әскери тергеушілер шақырылып, мобилизацияланғандарды Мәскеу түбіндегі әскери бөлімдерінің біріне жіберді. Онда олар тергеу нәтижелерін күтеді.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды
10.09.2026, 08:17
БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті