Қаза тапқандар арасында үш бала бар
ДХР-дағы Макеевкада бір отбасының сегіз адамын атып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Бір отбасының сегіз адамын атып өлтірген. Болжам бойынша, автоматпен атқан. Қаза тапқандардың арасында үш бала бар», - деп хабарлады қала әкімшілігінен.
Қайтыс болғандардың ішіндегі ең кішісі - бір жасар бала.
Қаланың Червоногвардия ауданында болған қайғылы оқиға орнында қауіпсіздік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері және отбасын атқан адамдар туралы ақпарат нақтылануда.