Жапония тұрғыны өкпе қабынуынан қайтыс болған
Коронавирус тарағандықтан карантинге жіберілген круизді лайнердің тағы бір жолаушысы көз жұмды. 80 жастағы жапон азаматы өз елінде қайтыс болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Жапония тұрғыны өкпе қабынуынан көз жұмған. Бірақ, ел билігі қайтыс болған ер адамнан қытайлық коронавирустың анықталғанын хабарламай жоқ. Сондай-ақ марқұмның аталған лайнердің команда мүшесі немесе жолаушысы екені де анықталмай отыр.
Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған азамат туралы ақпарат тарату үшін отбасының рұқсатын алмаған.
Еске салсақ, Diamond Princess кемесінде коронавирус жұқтырған екі адамның көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. Круизді лайнерде болған қазақстандық азаматтар эвакуацияланған болатын.