Өскеменде жоғалып кеткен 5 жастағы бала табылды
Полицейлер табылған баланы аман-есен анасына тапсырды
Өскемен полицейлері жоғалып кеткен 5 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
21 желтоқсанда сағат 17:13-те «102» жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 5 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, бала көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге дереу кірісті. Кәмелетке толмаған баланы дабыл бойынша іздеу мақсатында Өскемен қаласы ПБ барлық жеке құрамы көтерілді. Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпарат білетін таныстары мен куәгерлерден сұрау жүргізді, іргелес аумақтар: аулалар, саябақтар, жастар жиналатын орындар, дәмханалар мұқият тексерілді.
Қаланың барлық көшесіндегі бейнебақылау камераларының жазбасын қарау ұйымдастырылды.
«15 минуттан кейін Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері Дамир Ауғанбаев пен Жасұлан Дәулетханов М. Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан жоғалған баланы тапты. Полицейлер табылған баланы аман-есен анасына тапсырды», – деп мәлімдеді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.