Жолдың қарсы бетіне шығып кеткен КамАЗ көлігі жеңіл автокөлікке соғылған
Ақтөбе облысындағы тасжолда болған жол-көлік апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жол апаты 23 ақпан күні Самара – Шымкент тасжолының 915-шақырымында болды. КамАЗ көлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қарсы бетіне шығып кетіп, Volkswagen Sharan автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік апаты салдарынан Volkswagen Sharan көлігінде отырған төрт жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Дереккөз: Polisia.kz