$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жұртты бопсалауман айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Олар кезекті рет ақша алып жатқан жерінан қолға түсті

Жамбыл облысында жұртты бопсалауман айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында адамдарды бопсалаумен айналысып, ақша жинаумен айналысып келген топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарақшы топ құрбандарын қорқытып, апта сайын ақша жинап отырған. Топтың екі мүшесі бопсалау арқылы кезекті рет ақша алып жатқан жерінде қолға түсті. 

«Тараз қаласының Полиция басқармасына бопсалау туралы облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол өзін бөтен адамдардың қорқытып, апта сайын тың ақпаратты жарияламас үшін 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын хабарлады. Жәбірленушіден барлығы 2 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен», - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Топ мүшелері арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражатты алу кезінде ұсталды. Олар 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

«Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен (Бопсалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның серіктесіне қатысты «ешқайда кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бопсалаумен айналысқан топ мүшелерінің бұрын да түрлі қылмыс жасап, сотталып шыққан адамдар екені анықталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары