Павлодар облысында өрттен атасы мен немересі көз жұмды
Зардап шеккен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді
Павлодар облысында өртеніп кеткен қамыс үйдің үйіндісі астынан ер адам мен кішкентай баланың күйген денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кешке кешке сағат 23.00 шамасында болған.
«Өрт туралы хабар 19 желтоқсанда сағат 23:13-те келіп түсті. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылындағы Елгин көшесі, 16 мекенжайында бір қабатты қамыс үй отқа оранған», - делінген ТЖД хабарламасында.
Белгілі болғандай, өрт 64 шаршы метр аумаққа тарап, шатыр жартылай құлаған.
«Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін көршісі 2019 жылы туған қызды үйден құтқарып алып шыққан. Ол ауруханаға жатқызылды. Жеңіл көміртегі тотығымен улану диагнозы, оң қабақтың және 1-ші дәрежелі сол жақтың термиялық күйігі анықталды. Сондай-ақ барлау кезінде үйінділердің астынан 1958 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың күйген денелері табылды», - делінген хабарламада.
Өрт түнгі сағат 01:47-де толық сөндірілді. Өртке Павлодар облысы ТЖД 21 қызметкері мен 3 техникасы және полиция, жедел жәрдем, жергілікті атқару органы, жергілікті полиция қызметі ( 8 қызметкер және 3 техника) жұмылдырылды.