Ол көршісін атып, мәйітін үйінің ауласына көміп тастаған
Жамбыл облысында «Адам өлтірді» деген күдікті жазадан құтылып кетті. Көршісін атып, мәйітін үйінің ауласына көміп тастаған адам сот залынан босатылды. Судья мұны қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткенімен түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот, осыдан 21 жыл бұрын жасалған іске нүкте қойды. Ол «Адам өлтірді» деген күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту мерзімнің ескіруіне байланысты босатылды. Енді ол марқұмның туыстарына моральдық және материалдық шығын есебінде бір айдың ішінде 5 жарым миллион теңге беруге міндеттелді.
«1997 жылғы редакциядағы Қылмыстық Кодекстің 69 бабының 1 бөлігіне сәйкес, егер аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін 15 жыл өтсе, адам қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жатады. Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес ескеру мерзімі қылмыстық қылмыс жасаған күнен бастап, үкім заңды күшіне енгенге дейін есептеледі. Мерзімі өтуіне байланысты қалмыстық жауапкершіліктен босату үшін жәбірленушінің және жәбірленуші өкілдерінің келісімдері қажеті жоқ», - деді судья.
Тергеу деректеріне сүйенсек, бұл қанды қылмыс 1998 болған. Төрт көрші өзара бас қосу кезінде сөзге келіспей, бірі екеншісін атқан. Қылмысын жасыру үшін ауласына көміп, кейін сол жерден шағын жаздық нысан тұрғызып алыпты.