$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2020, 01:18
Оқиғалар

ШҚО-да жол апатынан төрт адам зардап шекті

Глубокое ауданында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты

ШҚО-да жол апатынан төрт адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 20 ақпан күні Глубокое ауданындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында болған. Глубокое кентіне қарай бара жатқан KIA Soul маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып қарсы жолаққа шыққан. Алайда рульге ие бола алмай, бірінші жеңіл көлікпен, кейін қарсы бағыттағы КамАЗ-бен бетпе-бет соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан KIA Soul көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жол апаты #ШҚО