Қайғылы оқиға 11 желтоқсанда түнде болған
Алматы қаласының Медеу ауданындағы жерасты түнелінде жол апатынан көлік жүргізушісі қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Hyundai Sonata Шығыс айналма жолымен туннелге кірген. Достық көшесімен қиылысқан тұста көлік жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты рөлге ие бола алмай, алдымен темір қоршауға, одан кейін туннель қабырғасына соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, көліктің алдыңғы жағы ішіне кіріп кеткен.
«Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның денесін алып шығу үшін арнайы құралдармен көлікті кесуге тура келген. Оқиға орнына полицейлер мен тергеушілер келді. Олар жол апатының себебін анықтап жатыр», - делінген хабарламада.