07.12.2022, 15:17
Оқиғалар
Алматы облысында әжесі мен екі немересі өрттен қаза тапты
Тағы 6 адам зардап шекті
Осы жылдың 7 желтоқсанында Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында жеке тұрғын үй өртенген. Қызыл жалынға оранған үйдің әжесі мен екі кішкентай немересі қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq ruhy аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Өрттен қаза тапқан 3 адамның мәйіті және 6 зардап шеккен адам табылды. Зардап шеккендер Есік қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, қауіп жоқ.
Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр.
ТЖД мәліметінше, өртті сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің, 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың денесі табылған.
Ал әлеуметтік желіде қайтыс болған балалардың анасы, әкесі, атасы, 2022 жылы туған баласы және екі көршісі ауруханаға жатқызылды деп жазылған.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды