01.12.2022, 13:01
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жол апатынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты
Қайғылы оқиға 30 қарашада Ойыл ауданында болған
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қарашада Ойыл ауданы Ақкемер ауылының екі тұрғыны Suzuki мотоциклмен көрші ауылға бара жатқан кезде аударылған. 33 жастағы мотоцикл жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолмен келе жатып аударылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 28 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Мотоциклдің мемлекеттік тіркеу нөмірлері, ал жүргізушінің көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды», - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты
18.08.2026, 17:06
«Аманатқа қиянат жасамайды деп ойладым»: Ұлдана Мырзуанның анасы экс-күйеу баласы жайлы айтты
18.08.2026, 15:35
Астанада Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталды