$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2022, 12:08
Оқиғалар

Түркістан облысында жұмыссыз жігіт студенттен ақша бопсалаған

Күдікті ұсталып, тергеу амалдары басталды

Түркістан облысында жұмыссыз жігіт студенттен ақша бопсалаған
Фото: Polisia.kz

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның кәмелетке толмаған ұлын, яғни колледж студентін белгісіз біреу қорқытып, бес мың теңге алған. Онымен қоймай тағы 35 мың теңге бопсалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша тіркеді. Қылмыскерді ұстауға Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен Жетісай ауданының полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ақша алып жатқан кезінде ұстады. Күдікті Мақтаарал ауданының тұрғыны, жұмыссыз жас жігіт болып шықты. Жедел уәкілдер айғақты зат ретінде жас жігіттен ақша тәркілеп алды. Қазіргі уақытта бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталады.

Серіктес жаңалықтары