$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2022, 12:28
Оқиғалар

Төртеуі ауыр халде жатыр: Қарағандыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы қандай

Барлығы 18 адам ауруханаға жеткізілді

Төртеуі ауыр халде жатыр: Қарағандыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы қандай

Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің төртеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Берік Төлеубаевтың айтуынша, ауруханаға 18 адам жеткізілген, олардың төртеуі ауыр халде жатыр.

«Аурухана қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуі арқасында ауыр науқастар стационарларға бөлінді. Жағдайы тұрақты ауыр делінген екі науқас оңтүстік-шығыс базасына жөнелтілді, ал жағдайы ауыр тағы екі науқас осында қалдырылды. Оларға операция бөлмесінде шокқа қарсы реанимациялық шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы ауыр. Хирургтер мен басқа да дәрігерлер тарапынан қарқынды ем жүргізіліп жатыр», - деді Берік Төлеубаев.

Еске салайық, Қарағандыда бүгін таңертең көпірде екі автобус соқтығысып, соның салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмған болатын.

Серіктес жаңалықтары