Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Атырауда 9 келіге жуық марихуана сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
16 қараша күні Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтаған 1973 ж.т., күдіктіні анықтады.
Сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес салмағы 8 кг 867 гр құрайтын тәркіленген 206 дана полиэтилен қапшықтағы заттар кептірілген марихуана өсімдігі екендігі расталды. Күдікті ретінде облыс орталығының тұрғыны ұсталып, қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.