$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2022, 10:12
Оқиғалар

«Анамызды әдейі өртеп жіберді»: Павлодарда өрттен құтқарылған балалар оқиғаның мән-жайын айтты

Өрт 22 қараша күні Ломов көшесіндегі көппәтерлі үйде болған

«Анамызды әдейі өртеп жіберді»: Павлодарда өрттен құтқарылған балалар оқиғаның мән-жайын айтты

Павлодарда өрттен зардап шеккен 27 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Әйелдің балалары анасын онымен бірге тұратын ер адам әдейі бензин шашып, өртеп жібергенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Типичный Павлодар» паблигінің хабарлауынша, 22 қараша күні түн ортасында Павлодар қаласындағы Ломова көшедегі №150 көппәтерлі үйде өрт шыққан. Төтенше жағдайлар департаменті өртті 40 минут ішінде сөндіріп үлгерген. Өрт кезінде бес адам, оның ішінде үш бала құтқарылды. ТЖД техникасы мен қызметкерлері келгенге дейін 36 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Vita еріктілері анықтағандай, өрт басталған сәтте анасы олардың бірін сыртқа итеріп үлгерген, ал  екіншісін құрбысы құтқарып қалған. Қазіргі кезде балалар өз әкесі мен әжесінің қолында.

Бүгінде туыстары балаларды өз қарауына алып кеткен. Балалар баратын мектеп те сабақ уақытында көмек көрсетіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге уәде берді.

Белсенділердің айтуынша, жарақат алған әйелдің жағдайы жақсарған. Ол жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылған. Алайда онымен бірге тұратын ер адам комада жатыр.

Полицейлер аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы «Қылмысқа оқталу» және «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Павлодар #өрт