$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2022, 12:33
Оқиғалар

Ақмола облысында қаржы пирамидасын құрған әйелге сот үкімі шықты

Келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады

Ақмола облысында қаржы пирамидасын құрған әйелге сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұзақ уақыт бойы желілік маркетингпен айналысып келген Г.У. Оралбаеваның қаржылық пирамида жүйесі негізінде жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталды.

«Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 2000-нан астам жеке тұлға тартылған, келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сот Оралбаеваны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары