Қайғылы оқиға сабақ кезінде болған
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейде екі оқушының арасында туған жанжал өліммен аяқталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жанжал кезінде екі баланың бірі жерге құлап, содан тұрмаған. Екіншісі қорыққанынан оқиға орнынан қашып кетіпті. Сол маңда болған ересектер құлаған оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, жедел жәрдем келгенше ол қайтыс болып кетті.
«Бұл жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 104-бабы «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалған», - делінген полиция таратқан хабарламада.