Оқушыны таптап кете жаздаған: Талғар мектебіндегі оқиға үшін директор сөгіс алды

Аягөз Құрмаш

Қазір 6-сынып оқушысының жағдайы жақсы

Оқушыны таптап кете жаздаған: Талғар мектебіндегі оқиға үшін директор сөгіс алды

Алматы облысында гардероб бөлмесінен шыққан оқушылар жерге құлап қалған оқушыны таптап кете жаздаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған оқиғаның видеосы kris_p_talgar Instagram парақшасында жарияланды. Оқушы қыз сырт киімін алу үшін топырлай үймелеген оқушылардың ортасында құлап қалады. Оқушылардың басым бөлігі жерде жатқан оқушыны аттап өткен. Кейін оған тұруға көмектескендер табылады. Осы жайтқа қатысты Алматы облысының білім басқармасы Талғар қаласындағы  Абай атындағы  №3 мектептегі пікір білдірді.

«Оқиға 17 қарашада 19:05-те болған. Көптеген сыныпта сабақ аяқталуына байланысты гардероб бөлмесінде оқушылар көп жиналып қалады. Әркім өз киімін алуға ұмтылып, опыр-топыр болып жатқан сәтте 6-сынып оқушыларының бірі көпшіліктің ортасында құлап қалады. Шыға берісте тұрған кезекші мұғалім оның тұруына көмектескен. Оқушы есінен танбады. Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді, денсаулығы мен өміріне қауіп жоқ. Аталған мектеп пен барлық білім беру мекемесінде жиналыстар өткізіліп жатыр, онда мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ тәрбие жұмысы күшейтілді. Осы мектептің директорына сөгіс жарияланды. Штат кестесі бойынша бұрын мектепте гардеробшы үшін штат қарастырылмаған, қазір өзгеріс енгізіліп жатыр», - делінген білім басқармасының мәлімдемесінде.

Мектептегі бұл оқиғаға қатысты облыс әкімдігі де  түсінік берді.

«Мектеп директорына жұмыстағы кемшіліктері үшін сөгіс жарияланды. Болған сәтте кезекші педагог шыға берісте тұрды. Болған оқиғадан кейін ол балаға қажетті көмек көрсетті. Қазір мектеп оқушысының жағдайы жақсы. Мектеп әкімшілігіне балаларды бақылауды күшейту тапсырылды. Бұл жағдай гардероб қызметкерінің болмауына байланысты болғандықтан, қазір штаттық кестеге өзгерістер енгізілуде және жақын арада мектепте аталған қызметкер жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.