$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.11.2022, 14:11
Оқиғалар

Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

Күдікті ұсталып, тергеу амалдары басталды

Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады.   

Аталған бөлмеде жәбірленушіден бөлек 28 жылғы азаматша да болды және ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді.   

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.   

Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданатын болады.   

ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, кісі өлтіру, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім келтіру – сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

Серіктес жаңалықтары