Қарағандыда көршісінің үш жасар қызын 15 рет пышақтаған әйел жиырма жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жантүршігерлік оқиға былтыр қараша айында Сәтбаев қаласында болған

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында көршісінің 3 жастағы қызын 15 рет пышақтап өлтірген әйел 20 жылға сотталды. Мұндай шешімді аймақтың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жан түршігерлік оқиға былтыр қараша айында Сәтбаев қаласының Вольный ауылында болған. Ата - анасы әдеттегідей көршілеріне бүлдіршінді қарай тұруға қалдырып, жаңа пәтерін жөндеуге кетеді. Сол күні 3 жастағы бала ойнап жүріп DVD-плеерді құлатып алған. Осы үшін көршінің қолынан қаза тапқан.  

Тергеу материалдарына сүйенсек, 35 жастағы әйел баланы 15 рет пышақтаған. Қатігездігі сонша, ол өтпейтін пышақты өткіріне ауыстырып, соққысын жалғастырған. Ол кезде айыпталушы мас болған. Сұмдық оқиғаны полицияға сырттан үйіне келген күйеуі хабарлаған. Әйел бар кінәсін мойындағанымен, сотта өз әрекетіне қатысты қандай да бір жауап беруден бас тартты. 

«ҚР ҚК 99 бабының 2-бөлімінің 3,5,14 -тармақтары бойынша, яғни ол «көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған адамның дәрменсіз күйін пайдалана отырып аса қатыгездікпен өлтіру» дерегі бойынша берілген Казанцеваға қатысты үкім шығарылды. Казанцева кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан 20 жылға айыру жазасы тағайындалды», - деді Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев.

 

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.