Абай облысында алтынды заңсыз өндірушілерден 100 тонна кен тәркіленді
Ұсталғандардың арасында шетелдіктер де бар
Абай облысында құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру тоқтатылды. Қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Абай облысы Жарма ауданындағы «Еділбай» учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады», - дедінген хабарламада.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.
«Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды. 13 «алтын іздеуші» ұсталды, оның 7-уі – шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.
Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша «іздеушілер бригадасын» жинаған, заңсыз цехтардың иесі болып табылатын жергілікті тұрғын, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.