Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Көкшетауда ер адам көлігінде уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 8 қарашада Көкшетау қаласында болды. Облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі гаражда тұрған көліктен табылды.
Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ер адамның өлімі көміртегі тотығымен улану салдарынан болған.
Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полицейлер автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады. Газбен уланудың алдын алу үшін автокөліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және олардың герметикалығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін еске салады.