10.11.2022, 17:17
Оқиғалар
Түркияда үйден өрт шығып, тоғыз адам қаза тапты
Өрт Бурса қаласында болған
Фото: ашық дереккөзден
Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса қаласындағы тұрғын үй өртінде кем дегенде тоғыз адам, оның ішінде сегіз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Түн ортасында шұғыл шақыру алғаннан кейін өрт сөндірушілер өртті тез сөндірген, үйден қаза тапқандардың денесі табылды.
Қала билігінің мәліметінше, құрбан болғандар сириялық отбасы. Балалардың ең үлкені 11 жаста болған.
Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, қайғылы жағдайдың алдын ала себебі түнде сөндірілмеген жылытқыш. Оқиғаның мән-жайы тергеу аяқталған соң белгілі болады.
Айта кетейік, Түркияда өз елінде ұзаққа созылған азаматтық соғыстан қашқан 4 миллионға жуық сириялық тұрады.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді