Жер сілкінісі Үндістанның астанасы Делиде де сезілген
Непалдағы жер сілкінісі кезінде үйдің құлауынан алты адам қаза тапты, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters-ке сілтеме жасап.
Қаза тапқандардың бесуі бала. Жер сілкінген аймақта басқа үйлер де зақымданған.
Непалдың жер сілкінісін бақылау және зерттеу орталығының сайтында елдің батысындағы Доти аймағында 4,1-ден 6,6 балға дейінгі жер сілкінісі болғаны айтылған. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жер сілкінісінің магнитудасы 5,6, ол 10 км тереңдікте болды деп жазылған.
Азия агенттігінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісі тіпті Үндістанның астанасы Делиде де сезілген. Қала жер сілкінісінің эпицентрінен 300 км-ден астам жерде орналасқан.