04.11.2022, 09:14
Оқиғалар
Заңсыз жұмыс істеген 20-дан астам кеншінің мәйіті табылды
Алдын ала болжам бойынша олар заңсыз жұмыс істеген
Фото: ашық дереккөзден
Йоханнесбург муниципалитетінің Крюгерсдорп қаласындағы бірнеше шахтадан заңсыз жұмыс істеген 21 кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған.
«Қаза тапқан кеншілердің саны 21 адамға жетті. Алдын ала болжам бойынша олар заңсыз жұмыс істеген. Құтқарушылар тағы екі адамның мәйітін бейсенбі күні тапқан», - дейді полицияның ресми өкілі Бренда Муридили.
Айта кетейік, бұған дейін полиция Крюгерсдорп қаласындағы бірнеше шахтадан 19 адамның денесін тапқан болатын.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)