03.11.2022, 17:41
Оқиғалар
«АрселорМиттал Теміртау» өкілдері шахтадағы жарылыс туралы брифингке келмеген
Жарылыстан 5 адам қаза тапқан еді
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдері шахтадағы қайғылы оқиғаға қатысты болған брифингке келмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
Брифингке Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ғана қатысқан. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдері қаза болғандардың туыстарын аралап, көңіл айтып жүргендерін айтып, жиынға қатыспаған.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада түнгі сағат 3:00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада («Арселор Миттал Теміртау» АҚ) жарылыс болып, 5 адам қаза тапқан болатын.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды