Қазіргі кезде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр
Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада 4 кеншінің қаза табу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
«Төтенше жағдай фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс тіркелді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бүгін түнгі сағат 3.00 шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болып, 4 жұмысшы қаза тапқан болатын.