Ол қазір Измир қаласының полициясына жеткізілген
Түркияда жоғалған қазақстандық студент табылды. Бұл туралы Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулы Алим Байел мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазір оның қасында анасы және консул қызметкерлері бар.
Айта кетейік, 21 жастағы Рауан Дарханұлы Измирде оқып жүрген. Қазақстандық студент Измирдегі «Dokuz Eylul University» университетінде білім алған. Ол 22 қазаннан бері іздеуде болатын.