$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мейрамхана мүлкін қиратқан Петропавл тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айрылды

Басбұзар қоғамдық нысанда тұтынушылардың болғанына қарамастан балоннан бұрыш шашып, ыдыс-аяқты қиратқан

Мейрамхана мүлкін қиратқан Петропавл тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айрылды

Петропавлда спирттік ішімдікке мас болып, мейрамханада ойран салған қала тұрғыны 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айрылды. Ол кәсіпкерлік нысанға жарты миллион теңге залал келтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінде болған. Басбұзар қоғамдық нысанда тұтынушылардың болғанына қарамастан балоннан бұрыш шашып, ыдыс-аяқты қиратқан. Шыны құтының сынығымен жиһаздарды жыртқан.

«Секеуовтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде кәсіпкерлік нысанның мүлкі бүлінген, келушілер мейрамханадан кетуге мәжбүр болды. Бұл оның қалыпты қызметін бұзды және 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Петропавл қалалық соты Секеуовті ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 1, 60-бөлімдері бойынша бұзақылық жасағаны үшін 3 жылға 3 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы үкіммен келіспей, жәбірленуші тараппен татуласып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Ол өзгенің мүлкін бүлдіріп қана қоймай, қоғамға деген құрметсіздік танытты. Сондықтан сотта мемлекет атынан өкілдік ететін прокурор Секеуов ауыр қылмыс жасамаса да істі тоқтатуға қарсы болды. Бұл ұстаным қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына және ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес келеді», - дейді облыстық прокуратураның мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу бойынша басқарма бастығы Жангелді Базарбаев. 

Секеуов бұған дейін де сотталған. Мейрамханада заңды бұзғаны үшін тамыз айында Петропавл қалалық соты оны бас бостандығынан айырған. Құзырлы органның үкімімен келіспеген сотталушы апплеляциялық инстанцияға шағымданған. Алайда алғашқы шешім өзгеріссіз қалды. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары