Жүргізуші тергеу изоляторына қамалды
Hyundai Elantra автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Б. Момышұлы даңғылымен “Геолог” мәдениет үйіне қарама-қарсы жолда жүріп келе жатып, жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен 68 жастағы жаяу жүргіншіні соғып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға, жол ережелерін сақтауға және жаяу жүргіншілер өткелдерінің қасында жылдамдықты төмендетуге шақырады.