Өрттен 30 адам құтқарылды
Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД хабарына қарағанда, өрт сағат 16.22-де бесінші қабаттағы пәтерде басталған, одан үйдің төбесіне көшкен. Өрт 18.28-да сөндірілді. Төтенше жағдайдың себебі мен шығыны анықталып жатыр. Жалын 24 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерді шарпыған.
Тұрғын үйден өз бетімен 249 адам шыққан, 30 адам құтқарылды. Оқиға орнында барлығына медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға ешкім жеткізілмеді.
Бұл дерек бойынша штаб құрылды. Сол жерде қалалық әкімдік пен ТЖД қызметкерлері жұмыс істейді, үй тұрғындарының тізімі жасалады.
Өрт сөндіруге барлығы 48 өртсөндіруші және 18 техника қатысты.