16.02.2020, 10:20
Оқиғалар
Шахтинскіде көмір шахтасы өртеніп, 116 адам эвакуацияланды
Шахта «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ға тиесілі
Фото: ашық дереккөзден
Шахтинскідегі көмір шахтасында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.
«15 ақпанда сағат 21:30 шамасында Шахтинск маңында орналасқан көмір шахтасында өрт шықты. Өрт алдын ала мәлімет бойынша, 100 метр тереңдікте шықты. Шахтада 116 адам болған, олар эвакуацияланды. Өртті сөндіруге ҚР ИИДМ «КӘАҚҚ» РОШ» ЖШС 60 қызметкер мен 6 дана өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдан адам шығыны жоқ және ешкім зардап шекпеді.
Айта кетейік, шахта «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ға тиесілі.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
