Алматыда 2 автокөлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Үш адамның жағдайы ауыр

Алматыда 8 қазан күні кешке екі автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы тіркелді деп жазады Zakon.kz.

Жол апаты Солтүстік шеңберде болған. Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Passat оңтүстік бағытқа қарай жолдың сол жақ жолағымен жүріп келе жатқан. Оны басып озбақ болған Lexus GS300 автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, алдымен қоршауға соқтығысып, кейін жолдың қарсы бетіне шығып кетеді. Осы сәтте оның бүйірінен Volkswagen Polo автоөлігі келіп соққан.

Жол көлік оқиғасынан 5 адам зардап шекті. Олардың үшеунің жағдайы ауыр. Апат болған жерге жеті бірдей жедел жәрдем станциясы келіп жеткен.