Ол ұрлық жасағаннан кейін Алматыға қашып кеткен
Астана полициясы 12 млн теңгеден астам қаржы ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 ақпан күні полицияға елорда тұрғыны Lexus RX330 автокөлігінен 12 млн 600 мың теңге ұрланғанын хабарлаған.
«Ұрлық болған кезде әйел отбасымен басқа қалада болған. Қаладан шықпас бұрын ол көлігін күзет қойылған паркингте тастап кеткен», - деді Полиция департаментінің өкілдері.
Жедел-іздестіру шарасы барысында Талдықорған қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталған.
«Ер адам ақша ұрлағаннан кейін Алматыға кетіп қалған. Елордалық полиция күдіктіні 13 ақпан күні ұстады», - деді ПД өкілдері.
Қазіргі таңда күдікті өз қылмысын мойындаған. Дегенмен, ол ұрланған қаражатты толығымен жұмсап қойған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.