Қазіргі кезде тексеру жүргізіліп жатыр
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 қазанда 02.00 шамасында Шарбақты - Успенка автожолында болған.
«Audi 80 автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол қапталына аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция автокөліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын айтты.
Қазіргі кезде тексеру жүргізіліп жатыр.