$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2022, 16:04
Оқиғалар

Атырауда бүтін бір отбасы газдан уланып, бір адам қаза тапты

Сондай-ақ зардап шеккен 5 адам ауруханаға жеткізілді

Атырауда бүтін бір отбасы газдан уланып, бір адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Атырау қаласында бүтін бір отбасы табиғи газдан уланып, бір адам қаза тапты және бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 17 қазанда болған.

«Ыстан уланған алты адам ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі ересек болса, біреуі жасөспірім мен үш кішкентай бала болеан. Өкінішке қарай, 90 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

«Оқиға орнын тексеру кезінде түтін арнасының металл коррозиясының қалдықтарымен және ұсақ қоқыстармен бітеліп қалғаны анықталды. Соның салдарынан от сөніп, газ үйде орналасқан жылыту қазандығынан шыққан. Сөйтіп газ бөлмелерге тарай бастаған», — деді қалалық ТЖБ басшысының орынбасары Магомед Ахриев.

Биыл облыс бойынша тоғыз айдың ішінде табиғи газбен улану бойынша тоғыз дерек тіркелген.

Серіктес жаңалықтары