$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2022, 15:38
Оқиғалар

Астанада боди-массаж салоны анықталды

Полицейлер массажисттен бөлек, салон қызметкерінің заңсыз әрекетін жасырған 24 жастағы әкімшіні ұстады

Астанада боди-массаж салоны анықталды

Астана полиция қызметкерлері боди-массаж салонын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы ауданы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары боди-массаж салонында интимдік қызмет көрсету фактісін анықтады.

Салондағы тоғыз массажистің бірі массаждан басқа, ниет білдірушілерге жыныстық қатынас қызметін көрсеткені анықталды. Құны 40 мың теңгеден асатын екі сағаттық релакс-массаждан басқа қосымша қызмет көрсету үшін клиенттерден 20 мың теңге алған.

Үй-жайды тексеру кезінде полицейлер массажисттен бөлек, салон қызметкерінің заңсыз әрекетін жасырған 24 жастағы әкімшіні ұстады.

ҚР ӘҚБтК 450-бабы бойынша әкімшіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін көрінеу үй-жайларды бергені үшін әкімшілік іс қозғалды, бұл жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, боди-массаж салонының қызметі туралы ақпарат Астана қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Серіктес жаңалықтары