Қарағандыда астыртын покер клубының қызметі әшкереленді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: kaztag.kz

Қарағанды облысында «STOP-игра» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Покер» карта ойыны түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған өңір тұрғынының қызметі әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қарағанды қаласындағы қонақүй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубының қызметін әшкереледі.

«Тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, покер фишкалары, ойын карталары, покер жиынтығы және «Покер» ойнауға арналған үстел табылып және тәркіленді. Ұйымдастырушы бастапқы ақшалай мөлшерлемемен ақша қаражаты үшін фишкаларды сату арқылы құмар ойындар өткізілгені анықталды», - делінген агенттік хабарламасында.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.