$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2022, 14:43
Оқиғалар

БҚО-да сот үкімімен адвокатқа 160 млн теңге айыппұл салынды

Ер адам алаяқтық жасағаны және пара сұрағаны үшін сотталды

БҚО-да сот үкімімен адвокатқа 160 млн теңге айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтау қалалық соты алаяқтық бабымен айыпты болған адвокатқа 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 14 қазанда адвокат алаяқтық жасағаны және пара сұрағаны үшін сотталды.

«Ер адам адвокаттық қызметпен айналыса отырып, жәбірленушіні 8 миллион теңге көлемінде пара беруге әдейі мәжбүрлеген. Ол аталған сома жәбірленушінің ағасына қатысты қылмыстық іс бойынша жазаны жеңілдету мәселесін сотта шешуге жұмсалады деп сендірген. Осылайша, адвокат жәбірленушілерге деп аударылған ірі көлемдегі қаржыны алдау арқылы өзі иемденіп алған», - делінген сот хабарламасында.

Айта кетерлігі, сотталушы прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасасқан. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде сот оның кінәсін толық мойындағанын, шын жүректен өкінгенін және сотталушының жасы ұлғайғанын ескерді.

«Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушы 160 миллион теңге айыппұл төлеуі керек. Сонымен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды», - делінген үкімде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары