$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 10 айда жарты тоннадан астам есірткі тәркіленген

Оның 14,9 келісі синтетикалық есірткі

Алматыда 10 айда жарты тоннадан астам есірткі тәркіленген

Алматыда 10 айдың ішінде 594,1 келі есірткі заңсыз айналымнан тәркіленді. Оның 14,9 келісі синтетикалық есірткі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаметі Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық препараттарды шығаратын 5 зертхананы анықтаған. 

«Синтетикалық препараттарды шығаратын 5 зертхана жойылды. Мәселен, қаладағы қарапайым жалдамалы үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 20-23 жас аралығындағы 6 жігіт ұсталды. Тінту кезінде химиялық реагенттер, синтетикалық есірткі заттарын дайындауға арналған түрлі компоненттер, сондай-ақ салмағы 6 келіге жуық сатуға дайын “мефедрон”,  синтетикалық «а-PVP» есірткі заты тәркіленді. Бұл өнімнің сатылымдағы бағасы 150 миллион теңгені құрайтын еді», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Дидар Аханов. 

Дидар Аханов, ескірткі сатумен айналысатындар, оны жасырын жерлерге тығып, арнайы белгі қойып кететінін алға тартты. Ал ақшасын қашықтан отырып, онлайн қабылдайды. Аранайы белгі өқоып кететін 40-тан астам адам ұсталған.  Бірақ оларды ұрып-соғу фактісі тіркелмепті. Есірткі түнгі клубтардағы жастардан бөлек, мейрамханаларда жұмыс істейтін аспаздардан да тәркіленіпті.

«Оңай табыс тапқысы келіп, ұсталғандардың әрқайсысы 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімді алулары мүмкін. Интернет арқылы электронды төлемдерді пайдалана отырып, жасырын орындарда байланыссыз әдіс арқылы есірткіні тарату өзекті мәселелердің бірі. Есепті кезеңде 43 бетбелгі қоюшы анықталды. Алматы қаласы аумағында «бетбелгі қоюшыларды ұрып-соғу» деректері тіркелмеген. 

Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 19 жастағы студент ұсталды. Одан синтетикалық есірткі заты бар 25 дана полиэтилен байламы табылды және тәркіленді.

Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінде есірткіні қолдану мен сату деректерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

 Мәселен, осыдан бірнеше күн бұрын мақсатты іс-шаралардың нәтижесінде, қаладағы түнгі клубтардың бірінде есірткі заттарын сатып жүрген 2001 жылғы қыз ұсталды, одан 19 байлам синтетикалық есірткі (салмағы 25,6 грамм) тәркіленді.

 Екі мейрамханада өткізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде есірткі сатумен айналысқан аспаздар ұсталды»,- дедіАлматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Дидар Аханов.

Департамент қызметкерлері жалпы жедел-іздестіру іс-шараларымен қатар нашақорлықтың алдын - алу және халықтың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері 9 мыға жуық граффити-суреттері анықталып, сырланған.  

«Біз граффити-суреттерін анықтау және жою бойынша әкімдіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және еріктілермен бірлескен жұмыс ұйымдастырдық.  Есірткі граффити-суреттерін салып жатқандар да ұсталды. Жасыратыны жоқ, бұл індет етегін кеңінен жайған. Оларды Интернет және Киви-әмияндары арқылы сатудың байланыссыз тәсілдері, қалаларымыздың көшелері мен үйлеріндегі бетбелгілер мен граффити жарнамалары жұртшылықты толғандырып, резонанс тудыратынын білеміз.  Сол үшін де, қала әкімдігі мен еріктілер, балалар мен жасөспірімдердің нашақорлық мәселесін жүйелі деңгейде шешетін сарапшыларды, кәсіпкерлерді және мәселеге бей-жай қарамайтын мемлекеттік сектор өкілдерін біріктірген Narkostop жобасын қолға алды.  «Есірткіге бірге қарсымыз!!!» және «Назар аударыңыз! Бей-жай қарамаңыз!»атты кітапшалар таратылды»,-деді Дидар Аханов.

Айта кетейік,  Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел желісінің WhatsApp нөмірі мындай: 8-705-549-70-25.

Серіктес жаңалықтары