13.10.2022, 02:33
Оқиғалар
Алматыда көше бойындағы бұталардың арасынан тапанша мен шолақ мылтық табылды
Табылған қару бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
фото: Polisia.kz
Алматыда Ұлжан шағын ауданының Жалайыр көшесі бойында бұталардың арасынан тапанша мен шолақ мылтық табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесі жедел қызметкерлерінің ақпараты бойынша, бір шолақ мылтық пен Streamer травматикалық тапанша және 32 патрон табылды.
«Тергеу изоляторының жедел қызметкерлері қалың бұта арасына жасырған қаруды Алматы қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірге анықтады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Табылған қару бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды