ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Коронавирус: КХДР-да шенеунікті атып тастады

Шенеунік карантин шартын дұрыс орындамаған 

Фото: Xiao Yijiu/Xinhua/Global Look Press

Корей Халық Демократиялық Республикасының (Солтүстік Корея) билігі коронавирусқа байланысты карантин шарттарын Қытайдан келген соң дұрыс орындамаған сауда өкілін атып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Шенеунік Қытайдан келген соң 14 күн бойы үйінде отыруы тиіс болған. Алайда ол аталмыш мерзім аяқталмастан үйінен шығып кетіп, қоғамдық моншаға жуынуға барған. Ер адамның бұл әрекетін біліп қойған билік оны дереу тұтқынға алып, артынша атып тастаған, деп жазады Dong-a Ilbo басылымы ҚХДР-дағы ақпарат көздеріне сілтей отырып.   

Басылым дерегінше, солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ын карантин шарттарын бұзған кез келген адамды соғыс уақытының заңымен қатаң жазалайтынын мәлімдеген.  

Сондай-ақ, Ресейдегі Санкт-Петербург қаласының бас санитарлық дәрігері С.П. Боткин атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының пациенті болған әйелді сотқа берді. Ол қашқын әйелдің медициналық мекемеге мәжбүрлі түрде қайта жатқызылуын талап еткен.