Коммуналдық қызметкерлер ойылып қалған жолды тәулік ішінде қалпына келтірген
Украинада ресейлік снарядтан бүлінген жол бір күнде жөнделген. Днепр мэрі Борис Филатов бұл туралы Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Намысқа тырысып, түні бойы жұмыс істедік»,-деп жазды Днепр мэрі.
Байланыс желілері, жол төсемі мен белгілері қалпына келтірілген.
Мэр көшенің тас жолына түскен снаряд кратерінің суретін және бүгін таңертең түсірілген кадрларды жариялады.
«Біз бәрін қалпына келтіреміз. Бірақ біздің өшпенділігіміз ғасырлар бойы сақталады», - деп жалғастырды әкім.
Филатов түні бойы көшені жөндеп жатқан жұмысшыларға алғыс білдірді.