Шымкентте аялдамада тұрған әйел шұңқырға құлап, шыға алмай қалған
Оқиға 5 қазан күні №80 орта мектептің маңында болған
Шымкент қаласындағы «Нұрсәт» шағынауданындағы аялдамада 59 жастағы тұрғын шұңқырға құлап кетіп, өз бетінше шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оtyrar.kz порталының жазуынша, оқиға 5 қазан күні №80 орта мектептің маңында болған. Әйел шұңқырды байқамай басып өткенде, аяғымен бетонды асфальттың ойығына құлап, шыға алмай қалған. Әйелді шқңқырдан алып шығу үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы апаттық-гидравликалық құтқару техникасының көмегімен бетонды талқанап, әйелдің қысылып қалған аяғын босатқан.
«Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының жедел-құтқару жасағы шығып, әйел адамның аяғының бетон асфальттағы ойыққа кептеліп қалғанын анықтады. Құтқарушылар арнайы құрылғы арқылы бетонды бұзып, зардап шеккен әйелдің аяғын босатып алды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қажетті медициналық көмек көрсетті», - деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД.