$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2022, 10:48
Оқиғалар

Instagram-дағы жарнамаға сенген павлодарлық тұрғын алаяқтарға 19 млн теңгесін аударып жіберген

Тәртіп сақшылары қаскөйлердің жеке басын және орналасқан жерін анықтап жатыр

Instagram-дағы жарнамаға сенген павлодарлық тұрғын алаяқтарға 19 млн теңгесін аударып жіберген
Фото: ашық дереккөзден

Криптавалюта арқылы табысын арттырмақ болған павлодарлық алаяқтарға 19 млн теңгесін берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын Павлодар қаласының полициясына ер адам жүгінген. Ол белгісіз тұлғалардың ақпараттық жүйелер арқылы оның 19 млн 475 мың теңге сомасында ақшасын иемденгенін айтты. Жапа шегуші ер адам Instagram әлеуметтік желісінде өзін Қаржы академиясы деп атаған аккаунттардың бірі криптовалютадан ақша тапқысы келетін адамдарды оқуға қабылдайтыны туралы хабарландыруды көргенін айтты. Ер адам хабарландыруға жауап беріп, өзінің байланыс деректерін қалдырған. Кейін белгісіздер оған Telegram арқылы шыққан. Оператор оқуға уақыт жұмсамай-ақ, үлкен табыс әкелетін бағдарламаға қатысуды ұсынды. Ол үшін “Binance”-та электронды әмиян ашып, сол жерде шотты толтыру қажет болатынын айтқан. Ер адам кеңестерге құлақ асып, 5500 долларды бірден салады, содан кейін оператор қыздың кеңестеріне сүйене отырып, бұл ақшаны “Metamask” бағдарламасына аударған. Кейін оның шотын кураторлар ұлғайтып 38 939 долларға жеткізген. Алайда оператор қыздың айтуынша, барлық депозитті алу үшін ер адам “өтімділікке қосымша төлем” тастауы керек болған, оның құны да 5500 долларды құраған. Пайдаланушы бұл талапты мойынсұнушылықпен орындады. Оператор бұл әрекетті шот ашылғанға дейін және көбейген қаражатты шешіп алуға қол жетімді болғанша қайталау қажет деп сендірді. Павлодарлық бұл операцияны 6 рет бірдей сомаға жасайды. Осыдан кейін ғана куратор ақша жеткілікті екенін және жақын арада оған 78 000 доллар аударылатынын айтты. Бірақ, ер адамға ол күткен ақша түспеді. Біраз уақыттан кейін оған басқа елдің белгісіз нөмірінен қайта қоңырау шалып, тағы 2500 доллар салық төлеу керек екенін айтты. Қалаған мақсатқа жетуге тырысып, өскен сомасын ала қоймақшы болған азамат “салықты” да төлеп жібереді. Алайда, оның шотқа салған барлық ақшасы бірден жойылады. Содан кейін ғана Павлодар тұрғыны алаяқтардың құрған тұзағына ілінгенін түсініп, полициядан көмек сұрап келді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қаскөйлердің жеке басын және орналасқан жерін анықтау шараларын қабылдап жатыр.

ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысында 1511 алаяқтық фактісі тіркелген, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалғаны – 1057.

Серіктес жаңалықтары