Алматыда екі жігіт мектеп оқушыларына шабуыл жасаған
Полиция күдіктілерді ұстады
Алматыға сырттан келген екі ер азамат небәрі 1,5 сағат ішінде екі қылмыс істеген деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйлер күндіз мектеп олқушыларына шабуыл жасапты. Сабақтан үйге қайтқан балаларды ұстап алған екеу оларды қорқытып, ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған. Ал, араға 1,5 сағат салып 41 жастағы ер адамды тонаған. Күдіктілер оның да смартфоны мен құжаттарын алып кеткен.
«Шұғыл іздеу жұмыстары барысында дәл сол күні 24 және 34 жастағы екі ер адам қолға түсті. Олардың екеуі де істеген қылмысты мойындап отыр. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 3-тармағанының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұялы телефондар айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды. Күдіктілердің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.