$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2022, 17:13
Оқиғалар

«6 жыл бойы өз қызын зорлаған»: Павлодар облысында ер адам 25 жылға сотталды

Бұдан бөлек қылмыскерге химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалады

«6 жыл бойы өз қызын зорлаған»: Павлодар облысында ер адам 25 жылға сотталды

Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Павлодар ауданының тұрғыны кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 

«Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, венерологиялық ауру жұқтырған. Сот шешімімен айыпталушыға 25 жыл мерзімге жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемесінде өтеу, химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады», - деп жазылған хабарламада. 

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және жүргізілген сараптамалармен дәлелденді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, ер адам педофилия деп аталатын психикалық ауытқушылықпен ауырады.

Сотталушы өзі кінәсін мойындамады.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары